ЖЫЛ КӨЛЕМІНДЕГІ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

473 көрілім

Жуырда Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылғы атқарылған жұмыстары туралы брифинг өткен болатын. Мамандардың БАҚ өкілдерімен кездесу барысында өңірімізге қатысты бірнеше тақырыптағы мәселелер қозғалып, онымен күресу жолдары да қарастырылды.

Мәселен, БАҚ өкілдерінен қойған сауалдар қатарында қаламызда бой көтеріп жатқан мемлекеттік нысандардың саны мен сапасы туралы сұрақтар бар. Аталған комиссия жыл басынан бері 18 аудиторлық іс-шара өткізіп, 291 мемлекеттік аудит объектісіне тексеру жүргізген. Нәтижесінде 203 тапсырма мен 19 ұсыным беріп, қазіргі таңда оның 131-і орындалған. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2023 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Тексеру комиссиясы тарапынан жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылданған. Осыған орай, Түркістан қаласы бойынша түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуін және аудандық бюджет қаржыларының жұмсалуына, Түркістан қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуына сыртқы мемлекеттік аудит жүргізілген. Жалпы аудитпен қамтылған 29 объектінің ішінде 14 қаржылық бұзушылықтар, 2 мекемеде тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, 2 мекемеде ықтимал шығындар және 1 мекемеде бюджетке түсетін түсімдер бойынша түсімдер қамтамасыз етілмеген. Сондай-ақ, 21 объектіде 104 бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталған.

Айта кетейік, Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өткен жылдармен салыстырғандағы қарқынын талдау оңды динамиканы көрсеткен.

Кездесу соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушысы Алмаз Жиенбеков басқармаға қарасты мекемелерде орын алған бұзушылықтарға тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті. «Кеткен кемшіліктердің негізгі себептерінің бірі бюджеттік қаржыларды пайдалану кезіндегі бюджет және өзге де заңнама, бухгалтерлік есептілікті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің талаптарының сақталмауынан»,- дейді А.Әбубәкірұлы.

Е.СМАҒҰЛ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы