ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ 960 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

536 көрілім

Ұлттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Ұлттық палата құрылған күннен бастап бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, кәсіпкерлікке қатысты заң шығару процесіне белсенді түрде қатысады.

2023 жылы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік субъектілердің 185 арызы қаралып, оның ішінде 80-і бойынша кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделері сонымен қатар 960 млн теңгеден астам мүліктік құқығы қорғалған.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің қызметкерлері, өздерінің қызметтік міндеттерін іске асыру барысында «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңымен берілген уәкілеттіліктер шегінде кәсіпкерлердің құқығын сотта қорғау тәжірибесін кеңінен іске асырып отыр. Мәселен, «Ерсултан агро» ЖШС – Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерге тиесілі 258 га жайылым жер телімін мемлекет пайдасына қайтару туралы Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментінен сотқа берген талап-арызы бойынша берілген жердің заңдылығы дәлелденіп, аталған кәсіпкердің меншігінде қалған.

Бизнестің құқығын қорғаудағы негізгі тиімді құралдардың бірі – кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл кеңесі болып қала бермек. Биылдың өзінде кеңесте 11 отырыс өткізіліп, бизнестің жекелеген және жүйелі 24 мәселе көтерілді. Нәтижесінде, мемлекеттік және құзырлы органдарға жалпы 47 хаттамалық ұсыныс енгізіліп, оның 35-і оң шешімін тапты.

Кеңестің мемлекеттік және құзырлы органдардың алдындағы орны мен оның хаттамалық ұсыныстарының басым көршілігі қолдау табатынын көрсетеді. Кеңесте оңтайлы шешімін тапқан мәселелердің бірі – полиция қызметкерімен заңсыз тәркіленген «ҚазАгроВижн» серіктестігіне тиесілі 24 млн теңге құрайтын тауарлық-материалдық құндылықтары мен жабдықтарын меншік иесіне қайтарылуы.

Бүгінгі таңда, бизнестің құқығын қорғау тек «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдары жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып отырғаны белгілі. Прокуратура органдарымен «Бизнесті қорғау» жобасы қолға алынып, бүгінгі күнге дейін өңіріміздегі бизнестің әртүрлі саласындағы кәсіпкерліктің проблемаларына талдау жүргізіліп, нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға прокурорлық ден қою актілері, заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берілді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Бизнеске жол» жобасы аясында департамент пен палатаға келіп түскен арыздар «Палата алаңында мүдделі органдардың қатысуымен қаралып», мәселені тез әрі оңтайлы шешу жолдары қарастырылды. Бұдан басқа, құқық қорғау органдарымен бірлесіп Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарына көшпелі отырыс өткізіліп, кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша проблемалық мәселесі де орын алды. Мәселен, 26 өтініш қаралып, оның ішінде 12 кәсіпкердің өтініші қанағаттандырылған. 6 кәсіпкер мемле-кеттік сатып алудың жосықсыз өнім берушілер тізіліміне еніп, Мемлекеттік органдарымен құрылған Келісім комиссиясының хаттамасы негізінде көрсетілген тізілімнен шығарылған.

Н.ИМАНҚҰЛОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы