ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАЙЫ ЖАҚСАРУДА

363 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында:Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономика-лық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек.Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет.

САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН

ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

Киелі шаһар облыс орталығы мәртебесін алған бойда, түркі дүниесінің орталығына мемлекеттік тұрғыда назар аударылып, соңғы бес жылда қала танымастай өзгерді. Мәселен, 2018 жылы Түркістан қаласында 164 746 халықтың 155 026 немесе 94,1 % ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын.

Түркістан қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың қорытындысымен жалпы құны – 4,5 млрд. теңге қаржыға алты нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, ауыз сумен қамтылу деңгейі 4,8 %-ға артты яғни 62,7 мың халық сапалы ауыз сумен қамтылды. Қала тұрғындары санының келешектегі өсімін есепке алып, «Кентау-Түркістан магистралды су құбыры және резервуар салу құрылысы» нысанының І және ІІ кезегінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Жоба бойынша, жалпы ұзындығы 33 шақырым құрайтын магистралды су құбыры, көлемі 20000 м3 су жинақтағыш резервуар, заманауи талапқа сәйкес су тазартқыш қондырғысы қаралған болатын. 2023 жылы бес нысанның құрылысы жоспарланып төртеуінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Олардың ішінде Мақта зауыты және ТГЖД аумағы, №1,2 мөлтек ауданы және Ремзауыт аумағы, Иассы және Шавгар мөлтек аудандары, Түркістан қаласына жаңадан қоныстанған аумағы, Түркістан қаласының Султанов көшесіндегі «Сельмаг» су жинау ғимаратын қайта құру құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 1 955,867 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы төрт нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Қалған, бір нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болып табылады. 2023 жылдың қорытындысымен, Түркістан қаласы толығымен (100%) ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

ТАБИҒИ ГАЗ БАРЛЫҚ

ҮЙЛЕРГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Түркістан қаласын табғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2015-2016 жылдары аралығында «Түркістан» АГТС құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аяқталған. 2018 жылға дейін қаладағы Бекзат мөлтек ауданы ғана газбен қамтылған болатын. 2018 жылы облыс орталығы Түркістан қаласы болғалы бері қаланы газдандыру үшін 11 кезеңге жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2018-2020 жж. аралығында құрылыс монтаж жұмыстары жүргізі-ліп, аяқталған. Бұл жобаның жалпы құны 20,2 млрд.теңге тұрады. Нәтиже-сінде, Түркістан қаласы 100% табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні, Түркістан қаласында жалпы саны 39 937 абоненттен 39 139 абонент табиғи газ пайдалануда. Одан бөлек, қалаға қо-ныстанушылардың көбеюіне байла-нысты газ тұтынушылар қатары артуы-на орай 2024-2025 жылдары аралығын-да жаңа АГТС салыну жоспарлануда.

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласы «KEGOС» акционерлік қоғамына қарасты 220 кВ-тық «Кентау» қосалқы станциясынан №173,174,177 110 кВ-тық әуе электр желілері арқылы төрт дана 110 кВ-тық «Түркістан, «ЖБИ», «Университет», «Коммуналдық» қосалқы станцияларынан электр қуатымен қамтылған. Сонымен қатар, Түркістан қаласы аумағындағы елді мекендер Түркістан қаласына қарасты 110-35 кВ-тық қосалқы станциялары арқылы электр қуатымен қамтамасыз етілуде. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның теңгерімінде: электр желілері – 2 414,16 шақырым, 525 дана трансформаторлар, 20 дана – 110-35 кВ-тық қосалқы станциялар бар. Облыс орталығы Түркістан қаласының дамуы негізінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау мақсатында 220/110/10 кВ «Орталық» қосалқы станциясының құрылысы жүргізіліп, 2022 жылдың шілде айында пайдалануға берілді. Қосалқы станциясы қуаты 125 МВА болатын екі дана автотрансформатормен жабдықталған. Қосалқы станция арқылы жалпы 250 мыңға жуық Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындарын, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандарын сапалы электр қуатымен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда, Түркістан қаласында 110/35/10 кВ-тық «Солтүстік» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі – 2024 жылдың І жартыжылдығына жоспарлануда. «Түркістан қаласында жобаланып отырған 110 кВ қосалқы станцияларды пайдаланудағы 110 кВ желілермен сақиналау үшін 110 кВ электр өткізу желісін салу» 1-кезең (220 кВ «Орталық» ҚС-тан 110/10-10 кВ «Яссы» ҚС-қа дейін 110 кВ ЭӨЖ салу)» жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Оған қоса Түркістан қаласы маңында сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға «Түркістан қаласында 110 кВ желісі бар «Нұртас» 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы» және «Түркістан қаласында 110 кВ электр желісі бар 110/10 кВ «Ынтымақ» қосалқы станциясының құрылысы» нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласы аумағында қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысын 2023-2024 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған. Инвестор – «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырма-сына орай, Түркістан қаласының әкімдігі мен мемлекеттік мекемелер киелі шаһар тұрғындарымен үш ай сайын кездесулер өткізіп, қарапайым халықтың сұраныстарын дер кезінде қанағаттандыруға күш салуда.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы