«АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫ – ФЕЛЬДШЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕ ТӘУЕЛДІ»

281 көрілім

Самат Дүйсенбайұлы Култибаев  Сауран аудандық емханасында 4-ші санатты жедел жәрдем бөлімінде аға фельдшер болып жұмыс атқарады. Ол  14 жылдан бері  адам жанының арашашысы болып келе жатқан ақ халатты абзал жандардың бірі де бірегейі.

Негізінен бұл салаға қалай келдіңіз?

Менің еңбек жолым 2009  жылы аймақтық мейірбике қызметінен бастау алды. Сол салада он жыл қызмет атқарып, 2019 жылы фельдшер мамандығына ауыстым. 2019 – 2020 жылдар аралығында фельдшер қызметінде болып, қазір аға фельдшер қызметіне көтерілдім.

Самат аға, жалпы өз қызметіңіз  жайлы оқырмандарымызға  қысқаша айтып өтсеңіз.

Жаһандық індеттің ( COVID-2019) бетін қайтаруда фельдершерлердің еңбегі зор болды дер едім. Себебі адамзаттың өмірі қыл үстінде тұрған шақта алғашқы көмекті көрсету үшін барынша тырысамыз. Фельдшер маманы осы саланы меңгеру үшін арнайы оқудан өтіп, білім алуы қажет. Тіпті жүргізушінің де «қауіпсіз оқу» сабағынан өтуі қажет. «Жедел жәрдем» бригадасының құрамында жұмыс істей отырып, науқастар мен зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі, жедел және шұғыл жәрдем көрсетеміз.  Біз дәрігердің  көмекшісі болып  оның бақылауымен емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыс істеп, стационарлық, амбулаториялық көмек пен үйде, ауылдық жерлердегі медициналық пункттерде жәрдем көрсетуді дербес жүзеге асырумен айналысамыз.

Күнделікті жұмыс барысы қалай өтеді?

Біздің бөлімде он төрт фельдшер халыққа қызмет көрсетеді. Барлық шақырту онлайн келеді. Шақырту келген соң, фельдшерлерге жүктеледі. Жұмыстың ерекшелігі – алғашқы көмек көрсету барысында аймақтық дәрігердің де фельдшер маманының да қызметі бердей болады. Алғашқы көмекті көрсету барысында науқасқа диогноз қойып, ауруханаға жату қажеттілігі туындаған жағдайда, ауруханаға жедел жеткіземіз.  Жалпы, Сауран ауданы бойынша 3 бригада жұмыс ісстейді. Олардың бірі Иқан ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді. 

Жұмыста көптеген қиыншылықтар да кездесетін шығар, айтып бере аласыз ба?

Жедел жәрдем көлігі жол- көлік оқиғасына түсіп қалғанда дереу шешімін табуға тырысамыз. Біздің жүргізушілерге жол бермей, соғып кеткен жағдайлар да кездесті. Мәселен, ауыр халдегі науқасты ауруханаға жеткізерде, жеңіл көліктің жүргізушілері жол бергісі келмейді. Содан жол көлік оқиғасына тап болып, кейде жедел жәрдем қызыл белгіден өтіп кеткеніміз үшін айыппұл салады. Сиренаны қанша жақсақ та, оны бейнебақылау камерасы дұрыс тіркемейтін кездері болды. Қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, орта буынды медицина қызметкерлерінің еңбегі бағаланбай жатады. Қазақстанда 103 нөміріне бір тәулікте мыңдаған қоңырау түседі. Бір күннің өзінде қаншама шақырту алынады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде.

Фельдшер маманы ретінде халыққа қандай кеңес айтар едіңіз?

Жақыны аяқ астынан ауырғанда ғана жаны шырқырап, әр секунд, минутты санап, жедел жәрдемді күтумен тағаты таусылмаған адам кемде-кем шығар. Сол үшін де тақалған уақытта емес өз денсаулығыңыздың қамы үшін кем дегенде 6 ай сайын медициналық тексерістен өтіп отырыңыздар дер едім. Бастысы уақтылы емделген дұрыс. Өміріңіздің бір бөлігі ретінде міндетті түрде спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтансаңыздар бәрі бірқалыпты болады.

Адам жаны қиналып, сырқаттанғанда  өз өмірін  фельдшерлерге аманаттайды. Осы уақытта диагнозды дұрыс қоя білетін, аман-есен үйіне оралатын адамның тағдыры  фельдшердің жауапкершілігі мен біліміне тәуелді деп білемін. Самат аға, уақытыңызды бөліп сұхбаттасқаныңыз үшін сізге үлкен алғыс білдіремін. Жұмысыңызға тек сәттіліктер тілеймін!

Сұхбаттасқан Сымбат Мұратқызы,

ХҚТУ 4 курс студенті

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы