БОЛАР ІСТІҢ БАСЫНА, ЖАҚСЫ КЕЛЕР ҚАСЫНА

313 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың назарына!

Өткенді еске алу ғанибет. 1980-90 жылдары халыққа өндіріс орындары тұрғын үй салып беру дәстүрге айналған болатын. Игі дәстүрді Түркістан мақта өңдеу бірлестігінің басшысы Әділ Әлимов қолға алып, өндіріс маңынан сегіз екі қабатты үй салып барді. Әр үйге он екі жанұя 96 жан үйлі жайлы болып қуанышқа бөленді. Бұған да 40 жылдан астам уақыт өтіпті. Уақыт өте келе бұл үйлер жекеменшікке өтіп, бірі алып, бірі сатып жатты. «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» демекші жекеленгеннен кейін тұрғындар өздеріне жайлы етіп, күнкөріс қамы үшін көше бойынан үйімен қатарластырып, дүкен ашып, үй құрылысын кеңейтті. Тып-тыныш мамыражай болып біраз жыл өз әрекеттерін істеп жатты. Кенет «ел арасынан жік шықты. Екі құлағы тік шықты» демекші, бұл тірлікті қызғаныштан ба, көре алмаушылықтан ба, еріккеннен бе Ақмарал Байғазинаның ойы сан-саққа жүгіріп бұзылды. Қарап отырмады. Арыз-шағыммен жоғарғы жаққа хатты қарша боратты. Ақмаралдың бұл жазғанын жөн дейік. Кім не істесе де өз еркі. Дегенмен, әр нәрсенің шынайы ақиқаты бар. Тұрғын үй жекешеленді ме, жекешеленді. Сатылды ма, сатылды. Халық ақымақ емес. Көпке топырақ шашуға болмайды. Заң бойынша тұрғын үйден үш метр жерге үй иесі егелік етуге құқылы. Бұл заңды аяқ асты етіп қала әкімінің орынбасары Қ.Б.Оразбековтың Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментінің бас маманы, мемлекеттік инспекторы Е. Мұханбетжан қолға алып, құрылысты бұзу ісіне кірісті. «Орынсыз салған» деп табылған құрылысты үй иелері бұзды. «Уақытысында бұзбады» деп екі ай бұрын бұзылған құрылысы иелеріне 258 000 теңге айыппұл салды. Солардың ішінде зейнеткер ана жалғыз ұлы мүгедек Камила Нұрпейісова да бар.

Сол ананың жылағанда көз жасы көл. «Алатын зейнетақымды айыппұл етіп төлеуге мәжбүр болдым. Ішер ас-ауқатымды дүкеннен қарызға алып отырмын» деп, мұңын мұңдап, көз жасын көлдетіп төгіп жүр. Ананың жазғы есік алдын қоршап, кегеріс егіп, тал еккені. Мұндай тауқыметтің дәмін Күміскүл Өсерова да татыпты. Қаламыз гүлденіп, түрленіп келеді. Бұл үйлерді қала әкімшілігі күрделі жөндеуден өткізді. Тұрғындар көше бойынан емес, есік алдынан балконның орнына, кішігірім газ тұратын бөлме, газ орнатушылардың жоспарлауымен газ пешін қойған. Бұл мәселеге келгенде кезінде тұрғын үйге тиісті құжат әзірлеген адал ақсақал марқұм Әлімбек Аманкелдиев үй сызбасын және шешімін шығартқан. Сол құжаттар біреулерінде бар. Енді біреулерінде жоқ болып шықты. Департамент қызметкері Б. Мұхамбетжан қыстың көзі қырауда газ тұрған, су желісі қосылған кішкентай құрылысты «бұзда бұз немесе айыппұл салынады» деп өз ойын айтты. Бұл құрылыстың көшеге ешқандай қатысы жоқ. Оның үстіне от жағу мерзімі көкек айына дейін. Осы мәселені қала әкімі, департамент басшылары адамдарға ақпейіл жанашырлық қамқорлықпен қарағаны қадірлі құрметті қасиет. Осы жерде тағы да бір айтатын өзекті мәселе әжетхана жайы. Тірі жан адамға тіршілігінде әжетхана ең керек орын. Осы пәтерлердің арасында әжетхана жоқ.

Барын бұздырып тастады. Үй ішіндегі әжетхана жазда бірде істеп, бірде істемейді. Осы қаланың Тоқаш Бокиндегі үйлерде аула маңында әжетхана бар. Сырттан келген азаматтар әжетхана іздеп қайда барады? Тұрғындардың есігін қағып тұра ма?! Ұят ай! Әжетхана зәруліктің сауапты қайырлы істің бірі және бірегейі. Мұны билік басындағылар түбегейлі ойластырып шешкені жөн. Бұл мұсылманның сауапты, қайырлы ісі. Айтар ойымыздың тамыры. Заңымыз солқылдақ. Жегеніміз тоқпақ болып тұр. Халықтың бәрі білікті емес қой. Атам қазақ: «Білгенің қайсы, білмегенді кешірмесең» деген. Қарапайым көздері жәудіреген қаракөз қазағымызды қадірлейік. Абай: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген. Тіршілігімізде бос тірлік болмасын. Дос адами адамгершілік қасиет болсын. «Болар істің басына, жақсы келер қасына» демекші жоғымызды жоқтап, барымызды түгелдейік. Тұрғындардың, көпшіліктің ақ тілек, ақ ниетіне алаңдаушылық, жанашырлық білдірейік.

Мәдібек ТІЛЕУБАЙҰЛЫ,

зейнеткер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы