ӨҢІРДЕГІ ҮЗДІК ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

1  376 көрілім

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» жобасы аясында «Түркістан жастар премиясы – 2023» байқауының марапаттау кеші өтті. Түркістан облысында түрлі салада топ жарған жастарды анықтауды көздеген байқауға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысты.

Сонымен, сан салада жүйрік шыққан жүлдегер жастар қатарында «Үздік жас мұғалім» – Молдасапаров Айбек Мықтыбайұлы (Қазығұрт ауданы), «Денсаулық саласының үздік жасы» – Мамыртай Ақтолқын Мырзаханқызы (Бәйдібек ауданы), «Денсаулық саласының үздік жасы» – Таспулатов Дамир Базарбайұлы (Шардара ауданы), «Үздік жас спортшы» – Есенгелді Асылжан Есболұлы (Келес ауданы), «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» Кенжетайұлы Мұқағали (Түркістан қаласы), «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» – Серік Гүлжан Серікқызы (Кентау қаласы), «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» – Амангелдиев Сунгат Багдаулетович (Жетісай ауданы), «Үздік жас бейбіт өмір батыры» – Көксубай Бақытжан Маратұлы (Созақ ауданы), «Үздік жас кәсіпкер» – Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлы (Түркістан қаласы), «Үздік жас тілші» – Ерман Бауыржан Мейірханұлы (Отырар ауданы), «Үздік жас тілші» – Анарбай Бақдәулет (Түркістан қаласы), «Үздік жас тілші» – Өтеп Аида Рысбекқызы (Түлкібас ауданы), «Үздік жас мобилограф» – Қаңлыбай Ернұр Сейтқалиұлы (Түркістан қаласы), «Үздік жас оператор» – Аяғанов Досжан Бақытжанұлы (Сауран ауданы), «Үздік жайдарманшы» – Ғалым Нұрқанат Мұхитұлы (Созақ ауданы), «Үздік шығармашылық ұжым» – «Жаңа леп» шығармашылық ұжымы (Түркістан қаласы), «Үздік жас фотограф» – Дүйсеналиев Ердаулет Рашитұлы (Сайрам ауданы), «Үздік жас фотограф» – Сағындық Ердәулет Серікұлы (Түркістан қаласы), «Үздік жас актер» – Мейрбек Нұрсұлтан Ертаргенұлы (Төлеби ауданы), «Үздік жас әнші» – Жауғашаров Әділет Жеңісұлы (Ордабасы ауданы), «Үздік жас қоғамдық әлеуметтік қызметкер» – Дастанова Ақбаян Әжібайқызы (Сауран ауданы), «Үздік жас волонтер» – Алтай Рамазан Пернетайұлы (Түркістан қаласы), «Үздік жас волонтер» – Рысбек Қанат Амангелдіұлы (Төлеби ауданы), «Үздік жас волонтер» – Ермахан Мырзабай Болатұлы (Кентау қаласы), «Үздік жас студент» – Гусейнова Севинч Курбановна (Сарыағаш ауданы), «Үздік жас студент» – Топанбай Мейрхан Мейрамбекұлы (Түлкібас ауданы), «Үздік жас блогер» – Әбілакімова Айдана Жасұланқызы (Қазығұрт ауданы), «Үздік Жастар ресурстық орталығы КММ-нің маманы» – Төрехан Карина Лесханқызы, «Үздік Жастар ресурстық орталығы» КММ-і – Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, «Үздік Жастар ресурстық орталығы» КММ-і – Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і бар.

Айта кетейік, облыс бойынша оқ бойы оза шауып, үздіктер қатарынан табылған жастар арасында әріптесіміз Ердәулет Сағындық та бар. «Үздік жас фотограф» аталымы бойынша бақ сынаған «Түркістан» газетінің фототілшісі Ердәулет Серікұлының туындылары көне мен келешек көпіріне айналған киелі шаһардың келбетін паш етуде. Түркістанның тыныс-тіршілігі мен бүгінгі тарихын таспалап жүрген әріптесімізді құттықтаймыз!

Серікбай АМЕТОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы