Мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын әрбір адам мемлекеттік қызмет атқарау ол – мемлекет пен қоғам тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын ұмытпаған жөн. Халық арасында мемлекеттік қызметшілер туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік болуы қажет. Дегенмен мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен табандылық жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.
Мемлекет басшысы бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беруде. Кәсібилік пен әдептілік қосыла отырып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Ол өз кезегінде халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақыттарда жалпыға қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуі, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуі тиіс.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы мемлекеттік, бүкілхалықтық сипатқа ие. Конституциялық тәртіпті қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында мемлекеттік саясат жүргізу бүгінгі күннің басты мақсаты. Бұл кез-келген мемлекетте басты ұстанымға айналған. Өйткені сыбайлас жемқорлық ел жетістіктеріне, ұлттың қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі міндетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кез келген ортада пара беру мен алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытып, күресуіміз керек. Аталған заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиісті.
З.Алимкулов,
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің
басшы орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл