ТҮРКІСТАНДА ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ «ҚҰС ЖОЛЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

440 көрілім

Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен,облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясының мүшесі, композитор Төлеген Мұхамеджановтың 75 жылдығына арналған «Құс жолы» атты шығармашылық кеші өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов арнайы қатысып, мерейтой иесін құттықтады.

– Бүгін Түркістан қаласында мән-мағынасы зор кеш өтіп жатыр. Ән өнерінде өзіндік қолтаңбасы, қайталанбас мәнері қалыптасып, сол арқылы әр қазақтың жүрегінен орын алған Төлеген Мұхамеджанұлының өнерсүйер қауым үшін орны да бөлек. Төлеген ағамыздың біздің киелі өңірге келіп, кеш беріп жатқаны біз үшін үлкен абырой, зор мәртебе. Әндеріңіз өміршең болары анық. Алдымыздағы буыннан бастап, ұрпақтан-ұрпаққа тыңдап келе жатырмыз. Шығармашылық шабытыңыз сарқылмасын! – деген Зұлпыхар Сансызбайұлы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының атынан сый-құрмет көрсетті.

«Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен іс-шараны Дана Нұржігіт жүргізді. Руханият кешінде Нұржамал Үсенбаева, Маржан Арапбаева, «Turan Boys», Айзада Асылхан, Рухия Байдүкенова, Асыл Жомартов және шетелдік танымал өнер жұлдыздары – Татия Кобаладзе, Лаэлия Алиева, Христиана Данкова, Кристиан Янкулов, сонымен қатар өңіріміздің өнерпаздары да сазгердің шығармаларын орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Шығармашылық кеш соңында «Қазақтың маэстросы» атанған мерейтой иесі қалың көпке алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Төлеген Мұхамеджанұлы – симфония, опера, және камералық шығармалардың, бірнеше жыр жинағының авторы. Сан алуан киноға, театрлық қойылымдарға ән жазған. Атап айтар болсақ, «Алдар көсе» және «Жер ұйық» рок операсы, «Махамбет», «Астана» симфониялық поэмасы, туған жерді сазбен суреттейтін «Дала», «Туған жер» шығармалары, «Біржан сал», «Құнанбай» сынды тарихи фильмдердің саундтрегі, бәрі де сазгердің төл шығармалары. Сондай-ақ «Махаббат бекеті», «Аяулым», «Аққуым», «Қимай сені барамын», «Сезім», «Құс жолы», «Аққу арман», «Мен сенімен кездестім», «Мен деп ойла», «Іңкәрім-ай» т.б әуезді әндері халық арасында кеңінен танылған.

Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы – симфония, опера, камералық шығармалар жазған. Сан алуан киноларға,  театралдық қойылымдарға,  әндер, романстар, танымал аспапты музыкалары бар. Ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы. Мұхамеджанов  Төлеген Семей облысы, Бесқарағай ауданына қарасты Беген ауылында дүниеге келген. Әкесі Нұрсейітов Мұхамеджан, анасы Забиева Сапура. Музыка пәнінен дәріс берген тұңғыш  мұғалімі Теміржан Базарбаев.  Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда танымал сазгер Ғазиза Жұбановадан композиция сыныбында дәріс алған.

Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында  композиция сыныбының аспирантурасын аяқтаған. Музыканы 12 жасынан бастап жаза бастады. Төлеген Мұхамеджанов 20-дан астам кинофильмдерге музыка жазған.

Сазгердің шығармаларын есімі елге танымал әншілер орындауда, олардың қатарында;  Роза Бағланова. Ермек Серкебаев, Бибігүл  Төлегенова,Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Ирина Понаровская,  Ирина Отиева, Батырхан Шөкенов, Нұржамал Үсенбаева, Стас Пьеха, Леонид Серебрянников, Мансур Ташматов, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бауыржан Исаев, Меруерт Түсіпбаева,  «На-На», «Дос-Мұқасан», «Ақынай» топтары және басқалар  бар. Әндерден тыс, екі опера да жазған: «Алдар Көсе» және  Абай өлеңдеріне  және  Қытай ақыны   Ли-Боның туындыларына жазылған   вокалдық топтамасы екі  симфониясы,  «Махамбет»  симфоникалық  поэмасы,    симфониялық  оркестрге арналған песьасы,  танымал аспапты музыкаға арналған туындылары үш алльбом, екі шекті аспаптарға,  фортепианадағы үштік, екі шекті  квартетке, фортепианадағы   үштік, фортепианадағы  квинтет, аспапты қойылымдар бар.

Әдбиетті бағындыруы кенеттен орын алған құбылыс десек те болады. Мұхамеджанов өлеңдерді кеш жаза бастады, алты жыл бұрын Жан Лун атты бүркеншек атпен жаза бастады. Оның алғашқы жинағы «Махабатты түсіндіру» атымен оқырмандарға жол тартты. Мәскеу қаласында жарық көрген бұл жинақ оқырман тарапынан үлкен қызығушылыққа ие бола алды, бұдан кейін екі жыр жинағы жарық көріп, бүгінгі таңда төртіншісі баспаға дайындалуда.  Т.Мұхамеджановтың еңбек жолы 11 жасынан басталды, жазғы демалыс кезінде ауылда хат тасушы болып жұмыс істеді. Жазғы маусымда ағаш аралауда, құрылыста жұмыс істеді.

 Кеңес армиясы құрамында әскери борышын атқарды, Семейдегі педогогикалық колледжде ұстаздық етті, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда дәріс берді. 1987 жылы Абай атындағы  Мемлекеттік  опера және балет театрында  директор  қызметін атқарды.

Төлеген Мұхамеджанов – “Невада-Семей” қоғамдық қозғалысының белді мүшесі және қозғалыс жетекшісі Олжас Сүлейменовтің досы және пікірлесі. Осынау халықтық қарсылықты туғызған ұйымның әнұранына айналған

1990  жылдан бері  Т. Мұхамеджанов  қоғамдық – саяси шаралардың бірқатарын ұйымдастыруда: олардың қатарында халықаралық    “Азия дауысы” байқауы, Рухани  Келісім  Күндері  аясында қайырымдылық акциялары да ұйымдастыруға ұйытқы болуда.

1998 -2004 жылдар аралығында  Астана қаласы Әкімінің орынбасары, 2004- 2007 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаты,  2007 жылдан бері  ҚР  Парламен  Сенатының депутаты.

2011 жылдың, 1 желтоқсанында Мәскеу қаласында «Мәдениет арқылы бейбітшілік» Халықаралық Ассоциациясы Президиумы мүшелерімен Халқаралық «Мәдениет арқылы бейбітшілік» Ассоциациясының Президенті болып сайланды.

Бұл салада  атқарған жұмыстары қазақ мемлекетінің  әлеуметтік-мәдени беталысын қалыптастыру және нығайтуға бағытталған, халықаралық деңгейде ел мәртебесін көтеруге қосқан еңбегі  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Төлеген Мұхамеджанов –  ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ,  “Парасат” орденінің иегері.

Мемлекет басшысының  2012 жылғы 31 қазандағы өкімімен “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып тағайындалды.

2012 жылғы 7 қарашада “Жыл адамы – 2012” Халықаралық сыйлығының “Мәдениет” аталымы бойынша иегері атанды.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап Төлеген Мұхамеджанов Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясының мүшесі болып табылады.

2013 жылғы желтоқсанның 9-ындағы Елбасының Жарлығы бойынша “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілді.

2014 жылғы наурызда “Махаббатыммен өзіңе” атты жаңа өлеңдер мен өсиет әңгімелер жинағы жарық көрді.

2014 жылғы 5 шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Астана қаласының құрметті азаматы” атағын берді.

2014 жылғы 18 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық “Бірлік” алтын медалімен марапатталды.

13.11.2014ж. – Мемлекет басшысының Өкімімен Төлеген Мұхамеджанұлы Мұхамеджанов «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметінен босатылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы