ТҮРКІСТАН: ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҰЖЫМДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

260 көрілім

Түркістанда мәдениет саласының үздік ұйымдары мен қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысып, сала мамандарын құттықтады.

– Бүгін Түркістанда айшықты күн! Түркістан мәдениетінің жеңісімен, облыстың жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Халықты рухани байытуға талпынып, зор жауапкершілік арқалап келе жатқан әрбіріңізге айтар алғысым шексіз. Тәуелсіз еліміздің жарқын жетістігінің бірі киелі қаланың қайта жаңғыруы еді. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толып, жыл басынан бері кеңінен аталып өтуде. Облыс орталығы атанған қасиетті шаһар күн санап көркейіп, нағыз мәдениет пен руханияттың ордасына айналып келеді. Аз уақыт ішінде рухани астанамызда бірқатар мәдениет ошақтары ел игілігіне берілді. Бұл – мемлекетіміздің қазақ өнері мен руханиятына жасап отырған ерекше қамқорлығының арқасы. Ел мәдениетінің дамуына қалтқысыз еңбек етудің арқасында міне кеше ғана республикалық додада үш бірдей мекемеміз топ жарды. Алдағы уақытта да осындай игі істерге білек сыбана кірісіп, көпті қуанта беретіндеріңізге сенімім мол. Еңбектеріңіз берекелі болып, толайым табысқа қол жеткізе беріңіздер, – деген облыс әкімінің орынбасары жақында ғана Астана қаласында мәдениет және өнер ұйымдары мекемелері арасында «Рухани Қазына-2023» республикалық фестивалінің үздік мекемелерін марапаттап, бірқатар қызметкерге «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

Атап айтсақ, музей саласы бойынша «Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясын «Ұлы Дала Елі» орталығы, «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясын Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы, «Үздік облыстық мәдени-демалыс ұйымы» номинациясын Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы иемденіп, арнайы дипломға және қаржылай 1 млн теңгеге ие болды.

Іс-шара барысында Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев мәдениет майталмандарын құттықтады. Сондай-ақ ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын тапсырды. Әзербайжанда өткен І Халықаралық театр фестивалде жеңімпаз атанған және Түркияда өнер көрсеткен театр ұжымдарына «ТҮРКСОЙ» ұйымының марапатын табыстады. Марапат иелерінің құрметіне арнап, арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Бишілер би билеп, күй тартыс орындалды. Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды.

Айта кетейік, бүгінде облыста 700-ге жуық мекеме түрлі шараларды өңір басшысының қолдауымен жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Соның ішінде Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» үш облыс пен екі қалада ұйымдастырылды. Астана қаласында Түркістанның мәдениет күндері өтті. Сонымен қатар, «Өнерлі өлке», «Музейлер шеруі», «Түркістан дауысы», «Voice of Turan», «Алтын сақа» және театр фестивалдері, Музей қызметкерлерінің І жазғы мектебі, халқаралық суретшілер симпозиумы, тағы басқа іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жақында ғана «Түркістан таланттары» жобасы бастау алып, өңір қаламгерлерімен аудан, қалаларда кездесу кештері өтіп жатыр. Облыс басшысының тапсырмасымен «Конгресс Холл» кешеніне жаңа штаттар беріліп, «JANA LEP!» халыққа рухани серпін беріп жатыр. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өзге облыстар мен өңіріміздің шалғай ауылдарында концерт қойып жатыр.

Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», деген есті сөзі әлі де ел жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Бұл тұрғыдан келгенде біздің көсіле сөйлеуімізге болады. Арғы ата бабаларымыздан қалған асыл мұралар, Қазақ хандығының іргесі қаланғаннан бергі жиналған жауһар дүниелер әлем алдында абыройымызды биіктетіп келеді. Соларды насихаттап, көкке көте­ріп жүр­ген мәдениет саласы қызметкер­лері­нің еңбегі орасан. Әрине, өнерді құр­меттеп, мәдениетті өркендету – бар­шамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театр­лар мен концерттік ұйымдардың, ха­лық шығармашылығы және мәдениет үй­лерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханият­ты дамытуға, игілікті, адам­гершілікті, қайы­рым­дылық пен өзара түсіністікті өріс­тетуге жол ашып, үз­дік мәдени дәстүр­лер­ді сақтауға һәм молай­туға ерекше мән беріп келеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессия­сында сөйлеген сөзінде «Қазіргі заманғы әлемде еліміздің берік мәдени тұғырынсыз экономикалық және саяси табыстары болуы ақылға сыйымсыз. Планетаның 30 лайықты ұлтының біріне айналу үшін, бәрінен бұрын, ХХІ ғасырда ең танылған мәдениеттің қатарында болу керек. Біз Қазақстанның әлемдік «жоғары мәдениет қоғамының» үш ондығы шоғырына енуін қамтамасыз етуге тиіспіз» дей келе, мәдениет саласы қызметкерлеріне барлық жағ­дай жасалуын тапсырған болатын. Бүгінде мемлекет барынша мәдениет саласына көңіл бөліп, ауыл-аймақтардың мәдени өмірінің жандануына күш салып келеді.

Халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қо­сып келе жатқан азаматтардың еңбегі бағаланатын елеулі күн ел өмірінің ең айшықты сәтіндей ыстық. Себебі қаламға серт еткен ақын-жазушының, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерінің, білім бұлағымен сусындатқан кітапханашының, маз­мұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр, кино жəне опера əртісінің, өңірлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегі ұмытылмақ емес.

Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр.

Өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынды. Заманауи жабдықталған мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне берілді, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы ел дамуы үшін мәдениеттің де озық деңгейде дамуы қарастырылды. Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған қасиетті Қармақшы жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді.

Мәдениет-білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу және, туа біткен ақыл-ой жиынтығы. Қоғамда өмір сүретін адам көптеген әлеуметтік, моральдық, экономикалық және басқа да байланыстар мен делдалдар жүйесінде. Бұл байланыстар көбінесе этикет ережелерімен реттеледі. Мәдениет, әдетте, адам әрекет ете алатын және қажет болатын шеңберді анықтайды деп айта аламын. Мәдениет адамның отбасындағы, мектептегі, өндірістегі, күнделікті өмірдегі және т. б. мінез-құлқын реттейді, өйткені онда тыйымдар жүйесі бар. Осы ережелер мен тыйымдарды бұзу қоғамдастық белгілеген және қоғамдық пікірдің күші мен институционалды ескертудің әртүрлі нысандары қолдайтын белгілі бір санкцияларды қолданады. Қазіргі мәдениеттану тек мәдениетті ғана емес, сонымен бірге өмірдің басқа салаларын да зерттейді, тарих, әлеуметтану, философия, антропология, лингвистика және психология сияқты ғылымдармен қиылысады. Мәдениеттану-күрделі құрылымы бар кешенді ғылым. Ғылыми пән ретінде мәдениеттану ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Менің ойымша бұл ғылымның өмір сүру кезеңінде мәдениеттану деген не екенін түсіну біршама өзгерді. Бастапқыда ол адамзат өркениеттері туралы ғылым ретінде қарастырылды, бүгінде бұл мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы