ЖАС АҚЫННЫҢ ЖАРҚЫН ӘЛЕМІ

6  286 көрілім

Жуырда түркітілдес халықтар кітапханасында «Жас ақынның жарқын әлемі» деген тақырыпта Дәурен Тілеуханұлынының бенефис шоуы өтті.

Кітапханадағы ашық есік күнінде ұйымдастырылған бұл жиынға Түркістан облыстық Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Байдаулетова, Түркістан облысының «Құрметті азаматы», тарих ғылымдарының кандидаты Баян Адырбек, Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Асильбаев және ақын, өзбек жазушысы, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Мухаббат Аматаева қатысып, оқырмандарға тілектерін білдірді. Сондай-ақ, кеште Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәурен Тілеуханның өлеңдері оқылып, жас оқырмандарға кітап оқудың ұтымды тұстары түсіндірілді.

Басқосу соңында ақын кітапхана қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, кітапхана қорына жаңа кітаптар сыйға тартты. Ұйымдастырушы тарап та естелік ретінде жас ақынға алғыс хат пен арнайы сыйлық табыстады.

Ержан СМАҒҰЛ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы