ПРОФЕССОР БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

300 көрілім

«Алатау» медиа орталығына профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі, алаштанушы ғалым, «Қазақ газеттері» АҚ бас директоры Дихан Қамзабекұлы қонаққа келді.

Аталған жиынға ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің басқарушы директоры Тельман Бейсен және қаламыздағы БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосуда Дихан Қамзабекұлымен еркін форматта сұхбат өтті. Қонақ жарық көрген ғылыми зерттеулері мен бүгінгі баспасөздің қоғамдағы қызметі мен маңызы турасында әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Ақпарат саласын жаңа деңгейге көтеруге жүйелі жұмыстар жалғасатынын да жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында жергілікті журналистер де өз ойларымен бөлісіп, Дихан Қамзабекұлына сауалдарын жолдады.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы