Еліміздің түкпір-түкпірінен Арыс қаласына гуманитарлық көмектер легі толастай түскен. Нәтижесінде облысымыздың Шымкент қаласындағы қоймалары азық-түлік пен гигиеналық затарға толған. Оған тағы жаңа ғана Қостанайдан келген 20 тонна ұн қосылып отыр. Көмек ретінде келген заттар 27 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін тәулік бойы Арыс қаласына тасмалдануда. Қостанай және Павлодар қаласынан келген қайырымдылық көліктері де бұған өз үлестерін қосуда. Жеткізілген заттарды штаб мүшелері сұрыптап, әр отбасыға ең қажетті дегенін белгілеп, бөлуде.

