- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бастамасымен облыстық спорт мектептерінің басшылары қатысуымен жиын өтті. Басқосуда санаулы күндерден соң Қытайдың Ханчжоу қаласында басталатын кезекті жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың дайындығы жан-жақты сараланды. Осы тұрғыда басқарма басшысы Қ.Жарылқапұлы медальдар жиынтығын көптеп алу үшін мекеме басшыларына нақты тапсырма берді.
Сары құрлық елдерінің саңлақтары арасында өтетін бұл дода 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Қазақстанның намысын қорғайтын Түркістан облысының 27 спортшысы байрақты додаға қатысады. Олардың қатарында еліміздің талантты боксшысы, 51 келі салмақта атой салатын Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов пен 86 келі салмақта өнер көрсететін түркістандық Сағындық
Тоғамбай бар. Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов шәкірттерінен мол үміт күтіп отыр. Бұдан өзге 90 келі салмақтағы дзюдодан Дидар Хамзаға да жаттықтырушысы өзінің әкесі Марат Файзиев жүлде үшін таласады. Дидар бұған дейін Джакартада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және екі олимпиада ойындарына қатысып, тәжірибе жинақтаған спортшы.
Ал, су спорт түрлерінен де 9 спортшымыз ел намысын қорғамақ. Академиялық ескек есуден Александр Афанасьев, Анжела Полянина, Мелани Жакупова, Владислав Яковлевтер еліміздің намысын жоғары дәрежеде қорғау үшін дүбірлі додаға аттануда. Сонымен қатар, байдарка есушілер Бекарыс Раматулла мен Ольга Шмелева Азия ойындарында бар күш-жігерлерін ортаға салса, каноэ есуден Ульяна Киселева да қатысып, жүлде үшін жарыс жолына шығады. Сонымен бірге облысымыздың мақтаныштары Аделайда Пчелинцева мен София Сподаренко жүзу спортынан бақтарын сынайды.
Төрт жыл сайын өтетін айтулы додада каратэден облысымыздың талантты спортшысы Әсел Қанай жарыс жорлына шықса, таеквондодан Нұрлан Мырзабаев татами төрінде күшін сынап көреді. Ал, бадмитон спортында Дмитрий Панарин мен Камила Смағұлова еліміздің мерейін үстем ету үшін, бар өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, теннистен Гозаль Айнитдинова бағын сынаса, садақ атудан Бунед Мирзаметов мергендігін көрсетеді. Бұл аламан додада гандбол шеберлері де күштерін сынайтын болады. Еліміздің құрамасы сапында 8 бірдей түркістандық саңлақ бар. Олардың қатарында Одилжан Газиев, Бекзат Анарбаев, Мирас Қалдыхан, Айбек Туранов, Данияр Ирисметов, Севара Реджеметова, Мария,Валентина Ситниковалар бар. Ал, баскетболдан Руфина Гаврилюк елміздің құрамасында өнер көрсетеді.
Бүгінгі таңда Түркістан облысының ең талантты деген 27 спортшысы Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы жататын кезекті Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсетіп, Париж олимпиадасының лицензиялық жолдамасы үшін сынға түседі.
Сондай-ақ, Қытайдың Ханчжоу қаласында 22-28 қыркүйек аралығында Паразия ойындары да өтетін болады. Бұл бәсекеде Түркістан облысының 6 спортшысы еліміздің намысын қорғайды. Сонымен параканоэшілер Жалғас Тайкенов, Бибарыс Спатай, Жаңыл Балтабаеваларға сенім артылса, академиялық ескек есуден Темірхан Дайырбек медаль үшін таласады. Ал,
пара дзюдошы Бағланбек Оналбектен мамандар мол үміт күтсе, пара жеңіл атлетикадан Мұқан Айтмырзаев та сынға түседі. Ендеше, түркістандық саңлақтарға сәттілік серік болсын!