Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы

483 көрілім

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдықадамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.

Әдеп кодексінің талаптары лауазымы мен жұмыс өтіліне қарамастан барлық мемлекеттік қызметшілерге қолданылады. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің қызмет процесінде туындауы мүмкін түрлі мән-жайларды ескере отырып, мінез-құлық стандарттарын регламенттейді, мемлекеттік қызметшілердің басқалармен өзара қарым-қатынастарда мүдделер қақтығысы туындаған кездегі мінез-құлқы да жүйеленген.

Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері республика халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауы тиіс.

Бұл – шын мәнінде, мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қарамастан басшылыққа алуы тиіс кәсіби қызметтік этиканың жалпы қағидаттарының және қызметтік мінез-құлықтың негізгі қағидаларының жиынтығы.

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Осы ретте, ұжым арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі, қызметкер мен басшылардың арасындағы қарым-қатынас, сенімділік, әдеп нормаларын сақтау көпшілікпен жасалатын жұмыс ұжым арасындағы өзара қызметтік ынтымақтастықты нығайту, қарымқатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және ұжымда қызмет барысында ортақ мақсаттарға жету үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен белгіленген стандарттарды сақтауға міндетті.

А.Б.Бекмуратов,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы