ТАРИХИ ШАҺАР ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ ЖАҢҒЫРУДА

1  157 көрілім

Қазіргі ұрпақ бақытты ұрпақ. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қан төгіссіз, ашық аспан астында Тәуелсіздікке 1991 жылы қол жеткіздік. Қол жеткізіп қана қойған жоқпыз, еліміз аяғынан нық тұрып, дүниежүзін толығымен мойындатып келеді. Еліміз тәуелсіздік алған кезде біз таңдауы қиын жолда тұрдық. Біз сол күрделі уақытта Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында дұрыс жолға түсіп, берекелі болашағымызды ұлтаралық татулық және бірлікпен байланыстырдық. Нәтижесінде біздің таңдауымызды бүгінгі күніміздің өзі дәлелдеп берді. Қазақстанның бүгінгі демократиялық қоғамда қол жеткен табысы басымызға қонған баянды бақыт – егемендікті орнықтыруға барынша күш салған Елбасының еңбегі ұшан-теңіз. Биыл ел Тәуелсіздігіне 28 жыл толғалы отыр.

Елбасы Жарлығымен 1991 жылы ел тәуелсіздігіне қол жеткізген тұста киелі қалада түркі тектес халықтарының білім қуған студент жастары үшін Халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуы, осы мұратты қадамның бастамасы болды. Сондай-ақ, 2000 жылы ғасырлар тоғысында қаланың еңсесін көтеріп, қала халқының жүрегіне мақтаныш сезімін ұялатқан шаһардың 1500 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуі де айрықша, теңдесі жоқ тарихи оқиға еді. Мерейлі тойға дайындық пен оны абыроймен өткізуге Елбасының өзі мән беріп, той қарсаңында және тойдан кейін Түркістанның гүлденіп көркеюіне аялы қамқорлық көрсетіп келеді. Еліміздің қарышты қадам, өркенді өзгерістер көрінісін киелі қаламыздың бүгінгі тыныс-тіршілігінен айқын аңғарып, оның бүгінгі өскелең келбетінен жете сезінуге болады.

Осындай елеулі шаралардың ішінде Елбасы Н.Назарбаев өзі Түркістанға арнайы келіп, Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоған мырзамен бірге ашқан сәулетті «Түркістан – Ахмет Яссауи» орталық мешітінің өзі қала көркіне сән қосуынан бөлек рухани негізіміздің нығаюына қосқан өлшеусіз үлес десек болады. Сол секілді осы тәуелсіздік жылдары ішінде қаламыздағы елеулі оқиғалардың барлығын тікелей Елбасының есімімен байланыстыруымызға толық негіз бар.

Сонымен қатар, былтыр Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың көне ша-һарды қайта түлетуі ретінде Түркістан қаласын облыс орталығы деп таңдауы бүкіл облыс жұртшылығын қуанышқа бөледі. Бұл әділ, тарихи шешім болды. Енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен Түркістан қаласы тарихының облыс орталығы ре­тінде жаңа кезеңі қарқын ала бастады. Елбасының тарихи шешімі Орта­лық Азия аймағындағы халықтардың жақындасуына сеп­тігін тигізері анық. Яғни, бұл ха­лықаралық тұрғыда көрші мемле­кет­термен ынтымақтастықты ны­ғайтуда алар орны ерекше болмақ.

Бүгінгі таңда Түркістанның жаңа келбеті қалыптасты. Құрылыс қарқыны күн санап артып, әлеуметтік нысандар бой түзеп келеді. Жаңа аллеялар бой көтеріп, жақында ғана тұсауы кесілген гүлдер саябағы түркістандықтардың саялы демалыс аймағына айналды. Қаламыздың осындай көз ілеспес жылдамдықпен дамып, түрленіп жатқанына түркістандықтардың алғысы шексіз. Ендеше, қаламыз гүлдей жайнап, келешекте халықаралық туризмнің орталығына айналар күн алыс емес.

Батырхан САНСЫЗБАЕВ,

Түркістан қалалық ішкі істер және Ұлттық Ұлан ардагерлері ұйымының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы