ҚАЗАҚТЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН

1  153 көрілім

Қазақстан 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық сайлауда мемлекетіміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Тұңғыш Президент етіп сайлады. Елбасының бойына біткен ерекше қасиеті ол – ертеңгі күнді дәл болжай алатындығы. Сонау 1991 жылы шағын аудан орталығынан ірі университет ашу, қиын-қыстау, тар жол тайғақ кешу кезінде Астананы ауыстырып, жаңа қала соғу – бұл ертеңгі күнді дәл болжай алатын азаматтың қолынан ғана келетін шаруа. Бақ қонып, қыдыр дарыған, ертеңгі күнді болжай білу тек Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа ғана тән құбылыс деп білемін.

Қаламызға жыл сайын алыс-жақын шет мемлекеттерден 1 миллионнан астам қонақтар келеді екен. Сондықтан Елба­сының Түркістанды облыс орталығы ретінде таңдау шешімі елдің көкей­ін­де жүрген мәселенің бастауы еді. Тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасымыздың қамқорлығында болған Түркістан қаласы өсіп өркендеу жолына түсті. Елбасымыз Түркістанға арнайы сапармен 16 рет келуі, оның ішінде бірнеше Мемлекет басшыларымен арнайы келіп, келіссөздер жүргізуі Түркістанға деген айырықша ықыласы деп білемін.

Ел экономикасының 2050 жылға дейінгі дамуын қамтамасыз ететін бағдарлама қабылдап, түбегейлі экономикалық реформалар жүзеге асырылып келеді. Бүгін біз еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы мақтанышпен айтамыз. Экономикалық, әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері мен халықтың тұрмыс деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде ТМД елдері арасында көшбасшылық орында тұр және жоғары қарқынмен дамуын жалғастырып келеді.

Еліміз бүгінде бейбітшілік пен келісім салтанат құрған кезеңде, сүттей ұйып жатқан халқы бар, аты әлемге танылған ел. Қазақстан халқының және үкіметінің ерен еңбектерінің нәтижесінде, бірлік пен ынтымақ, ұлттық және ұлтаралық, дінаралық татулықтың арқасында Қазақстан дүниежүзілік, халықаралық қауымдастықтың, Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенді мүшесі, әлем назарын ерекше аударатын елеулі елдеріндің қатарында орын алып отыр.

Елбасымыздың қасиетті шаһарға деген оңды көзқарасының нәтижесі Түркістан облысы құрылып, орталығы Түркістан қаласы болғандығы. Бұл шешім 1500 жылдан аса тарихы бар Түркістанды жаңа өрлеу жолына шығарды. Түркістанда жатқан игі жақсылардың, хан-сұлтандардың, бабалар рухын қайта тірілткендей болды. Елбасы бұл жөнінде: «Түркістан қай жағынан алсақ та, облыс орталығы болуға әбден лайық», – деген бағасын берді. Бұл біздер үшін әділ де тарихи шешім болып қала бермек.

Жарылқасын ӘЗІРЕТБЕРГЕНОВ,

Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы