ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

238 көрілім

Моңғолияның елінің Баян-Өлгей қаласында зияткерлік ойын тоғызқұмалақтан VI Азия чемпионаты өтті. Додаға 10 елден 200-ге тарта спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтады.

Айтулы бәсекеге Түркістан облысының спортшылары да қатысып, 6 медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы тартыста Әсел Далиева классика бойынша күміс медальді өз атына жазса, рапид түрінде қолаға қол созды. Ал 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақбота Намаздың мерейі үстем болды. Ол 2 алтын, 1 күміс медаьға ие болды. Классика және блиц түрінен алтын алса, рапид түрінде күміс медаль еншіледі. Сонымен қатар тағы бір жерлесіміз Нұрсая Ұстазхан 14 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түсіп, қола медальді қанағат етті.

Осы жарысқа спортшыларды даярлауға тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Камила Көпбаева еңбек сіңірді.

Ескерте кетейік, қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі– тоғызқұмалақ. Көненің көзіндей болған бұл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар дейді зерттеушілер.

Тоғыз құмалақ қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық спорт ойыны болғанымен, оны қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың тоғыз құмалақ ойыны тіпті кемелденген және дамыған.

Тоғызқұмалақ ойыны қазақ таласында кең таралған. Өйткені Қазақстанның бірнеше облыстарынан табылған археологиялық қазбалар осы ойға жетелейді. Тым әріге бармай, ХІХ ғасырдан бері қарай айтар болсақ, бұл ойынды қазақтың кемеңгері, ұлы ақыны Абай Құнанбаев сүйіп ойнаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысындағы ақынның мұражайында Абай ойнаған тоғызқұмалақ тақтасы сақтаулы тұр. Кезінде бұл ойынға Ш.Уәлиханов, Қ.Қуанышбаев, С.Аманжолов, М.Әуезов және Б.Момышұлы сынды Алаштың ардақты азаматтары қызығушылық танытып, қолдау білдірген. Қазақ спорт журналистикасының атасы әрі ұстазы Сейдахмет Бердіқұлов та кезінде ұлттық өнерді насихаттап, мақтан тұтқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы