- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Ардақты ағайын!
⠀
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, жер-жаһанға танытып, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.
⠀
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында осынау игіліктердің барлығы Тұңғыш Президент есімімен байланысты.
Аз ғана мерзімде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістікте бабадан қалған қонысты сақтап, атадан қалған аруақты туды асқақ ұстап, өз алдына ел болып, еңсе көтеріп кетудің қандай тынымсыз еңбекке, қайтпас күреске, қажымас күш-жігерге түсетініне куә болдық. Осылайша көпғасырлық тарихымыздағы бақытты дәуренге қол жеткіздік.
⠀
Бір кезеңдердегі Еділінен айырылған ел-жұрттың Есілінен де қол үзіп қалу қауіпі туған еді. Осындай кезде Елбасының бастамасымен Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретінде танылдық.
⠀
Астана – Елбасының төл түлегі, еліміздің жүрегі. Бүгінде Нұр-Сұлтан атауына ие болған елордамыз алыс та, жақын да білетін, сүйінетін Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Тәуелсіздік жылдары орасан мол табыстарға қол жеткіздік. Тарихта ешқашан да бірде-бір мемлекет небәрі ширек ғасырда осындай халықаралық беделге ие болып, мұндай табысқа жете алған жоқ. Мұның бәрі Қазақстан халқы жасаған тағдырлы тарихи таңдаудың нәтижесі.
⠀
Ендеше, баршаңызды Бүкілхалықтық Таңдауының Бірлігі күні ретінде енген мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнімен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақыт, қуаныш, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
⠀
Р.Аюпов, Ғ.Сәрсенбаев,
Қала әкімі. Мәслихат хатшысы.