Өндірістік шаңмен күресу

578 көрілім

Шаң-тозаңның әсерінен пайда болатын аурулар жиі кездеседі. Шаң-тозаңның жоғары мөлшері көптеген өндірістік процестер кезінде (ұсақтау, бұрғылау, бөлшектеу, електен өткізу, электрлік дәнекерлеу және шаң басқан материалдарын тасымалдау, жарылыс жұмыстары кезінде) пайда болады. Шаңдардың жоғары концентрациясы жұмыс-тардың дұрыс ұйымдастырылмауына, профилактикалық шаралардың орындалмауына байланысты болады.
Жалпы қабылданған жіктелуге сәйкес барлық өндірістік шаңдар органикалық және органикалық емес болып ажыратылады.
Органикалық шаңдарға өсімдік (ағаштық,ұндық) және жануар текті(шерст, тері) шаңдар, ал органикалық емес шаңдарға металдық (темір, алюминий) және минералды (кварцты, цементты) шаңдар жатады.
Ірі шаң тозаңдар (10 мкм-ден жоғары) ауадан тез түседі, жоғарғы тыныс алу жолдарында ұсталады және шырышты қабатына зиянды әсер етеді. Ірі шаң тозаңдар көбінесе жөтелгенде және түшкіргенде сыртқа шығуы мүмкін, ал қалған бөлігі егер ол улы болса, қанға сіңіп бүкіл ағзаға таралады. Ірі шаң тозаңдар өкпенің альвеоласына дейін жетпейді. Кіші мөлшердегі шаңдар ауада бірнеше сағатқа дейін сақталады. Ұсақ шаң тозаңдар өкпе альвеоласына дейін жетіп пневмокониоз ауруын туындатады
Шаңның организмге әсері әртүрлі болады. Ол кейде көздің шырышты қабығын зақымдап отырып конъюктивит, кератит ауруларын туындатады, ал тері жамылғысында фолликулит, терінің іріңді ауруларын шақырады.
Шаң-тозаңмен күресу үшін:

  • технологиялық процестер өзгеріске ұшырауы керек, яғни механикаландыру және автоматтандыру қажет. Керекті жабдықтарды тұйықтау керек. Мысалы: табиғи тастан жасалған шлифтелген дөңгелектерді жасанды (карборунд) түрге ауыстыру керек.
  • Шаң тозаңды азайту үшін құрғақ әдісті ылғалды әдіске алмастырады. Бұл әдіс кезінде шаң тозаңмен ластану 10-50 есе кемиді және силикоз ауруы азаяды.
  • Өндірістік бөлмелерде ылғалды жинау немесе шаң сорғышпен тазалу әдісі қолданылады.
  • Еңбек орнын сауықтыру үшін дұрыс құрылған желдетулер маңызды роль атқарады.
  • Шаң пайда болған жерден шаңды шығару үшін жергілікті желдеткіштер пайдаланылады.

Н.Нышанов, Түркістан облысының СЭБД басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы