15 тамыз – ән әлемінің падишасы, тәуелсіз еліміздің мемлекеттік әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осы орайда, жылдағы берік қалыптасқан ізгі дәстүр бойынша Шәмші Қалдаяқовқа биыл да айрықша құрмет көрсетілді.

Ұлы сазгердің құрметіне аудандық мәдениет үйінде «Шарықта, Шәмшінің асыл әні» атты ән кеші өтті. Кешке келген қонақтар бір сәт Шәмші әлеміне көз жүгіртіп көптің көңілінен орын алған әндерді өнерпаздармен бірге шырқап, кештің көркін кіргізді. Кеш соңында көрермендер ұйымдастырушылар мен аудан өнерпаздарына айрықша алғыстарын айтып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.