Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрлысымен танысты. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын көрді.

Айта кетсек, құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан нысанның қазаншұңқырын қазу жұмыстары аяқталып, іргетасын (бетон) құю жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған спорт кешенінің құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтып өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды тапсырды.