Түркістан облысы ”AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен Төлеби ауданы “Қуаныш” жазғы сауықтыру лагерінде “Есірткіге жол жоқ” акциясы өтті. Ондағы мақсат – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру, дұрыс бәсекелестікке жол ашу.
Акция аясында жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы сурет салудан байқау өтті. Іс-шараның жалғасы командалар арасында патриоттық әндер жарысымен жалғасты.