12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанатының ұйымдастыруымен “ТОЛАҒАЙ” спорттық эстафеталық ойыны өтті. Ойынға 7 аудан, қаладан жиналған жастар қатысты. Іс-шара барысында “Есірткіге жол жоқ” акциясы бойынша жастарға салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жүргізілді.
Түрлі бағыттағы спорттық ойындардың қорытындысы төмендегідей:
І орын – “Краш” командасы
ІІ орын – “ Джентльмен” командасы
ІІІ орын – “Көк бөрі” командасы
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз. Іс-шараның өтуіне қолдау білдірген “Қуаныш” жазғы сауықтыру лагеріне алғыс білдіреміз.