ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІ

1  331 көрілім

Рухани шаһардағы мәдени шаралардың саны күн санап артпаса, толастар емес. Соның бірі- «Шұғыла» мәдени үгіт тобының сазды мәдени шарасы. «Елбасының ерен еңбектері» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне орай қалалық мәдениет үйінде ауқымды кеш өтті. Тәуелсіздік алғалы бейбіт өмір сүрудеміз. Қазақтың бағына біткен дара тұлғаның халыққа деген жанашырлығы мен адалдығына тәнтімін. Осы орайда, баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Осындай арнаулы мереке аясында мәдениет үйі бірнеше шараларды ұйымдастыруда. Біз өмір сүріп жатқан байтақ жерімізбен ұлан ғасыр елімізде бейбіт елді қорғап, қолдау баршамыздың басты міндетіміз,- деді Түркістан қалалық мәдениет үйінінің директоры Лиза Шәмет.


Мәдениет үйінің қызметкерлері кез-келген ауқымды іске білек сыбана кірісетіндігі белгілі. Соның тағы бір айғағы осы кеш болды. Жиын барысында ең әуелі, Назарбаевтың өмір жолынан бейне үзік көрсетіліп, жеке өміріне, үндеуіне, әрбір тұщымды ойларына тоқталды. Мәселен, 5 әлеуметтік бастама, ұлы даланың жеті қыры сынды халыққа арнаған үндеулерінен көрерменге ақпараттар жеткізілді.


Кеш барысында Елбасыға арналып поэзиялар оқылып, халық әндері шырқалды. Ұйымдастырушылар мұғалімдер мен оқушыларға, келген қонақтарға онкүндіктің маңызы мен мәніне ерекше тоқталып өтті.Ұлт болашағы үшін парасат биігінен көріне білген ұлы тұлғаның елім жұртым деп қызмет еткен игі бастамаларын, әрбіріміз бағалай білуіміз керек.

Шынар ӘДІЛХАНҚЫЗЫ «Түркістан» Суреттер автордікі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы