Ән мен жырын ұсынды, Мырзашөлдің мырза елі!

269 көрілім

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Мақтаарал ауданының мәдениет күндерін «Visit Turkistan» орталығында аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концерт қорытындылады. Салтанатты шараны Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова ашып, Түркістан жұртшылығын облыстың 5 жылдығымен құттықтады.
Мәдени шарада ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары орындалып, сондай-ақ, әсем ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де көрініс тапты. Кештің арнайы қонақтары Гауһар Әлімбекова мен Асылжан Абдулла қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мақтаарал ауданының Түркістан қаласындағы мәдениет күндері үш күнге жоспарланған болатын. Шараның алғашқы күнінде этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Ал, екінші күні Мақтаарал ауданының мәдениет күндері ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ерекшеленді. Этноауылда қойылған ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар көрінісі көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар арқан тарту, қазақ күресі, қошқар көтеру, асық ату, тағы басқа да ұлттық ойындардан бәсекелер ұйымдастырылды.
Айта кетейік, аталмыш фестиваль тамыз айына дейін жалғасады. Аудан-қалалар Түркістан қаласында апта сайын өз өнерлерін көрсетеді деп жоспарлануда. Келесі көшті 7-9 шілде аралығында Шардара ауданының өнерпаздары жалғастырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы