Ұлтаралық татулық пен этносаралық келісімді нығайту мақсатында Ордабасы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі бірлесіп, арнайы іс-шара ұйымдастырды. Онда өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен ұлттық ойын түрлерінен «Достық лигасы» спорттық сайысы және «Ордабасы – татулық пен тұрақтылық мекені» атты этнобайқауы өтті.
Байқауға білім беру, денсаулық сақтау, спорт саласының мамандары мен ауыл тұрғындарынан құралған топтар қатысты. Бекітілген ережеге сәйкес, командалар ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын көрініс көрсетіп, арнайы әзірленген ұлттық тағамдардың жасалу жолы мен маңыздылығын түсіндіріп берді. Сонымен қатар ұлттық спорт сайыстары бойынша мықтыларды анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы озық шыққан «Ынтымақ», «Толағай» командалары жарыс жеңімпаздары атанды. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталса, байқауға белсене қатысқан командаларға Алғыс хаттар табысталды.
Дәстүріміз дәріптелді
298 көрілім