- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласына орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі кітапхана бөлмесінде орналастырылған “Ер қанаты – ат” экспозициясы да көпшілік үшін айрықша маңызға ие.
Мұнда қорық-музей қорында сақталған VI-VII ғасырға тән үзеңгі, XIX ғасырға жататын таға мен қаусар және X ғасырдағы ат әбзелдері сынды 30-дан аса жәдігер қойылған.
“Жылқыны көлік еткен ата-бабаларымыз, ең сенімді серік ретінде аса жоғары қадірлеген. «Ер қанаты – ат» деген халық нақылы да тектен-текке айтылмаған. Мәселен, 1979 жылы Күлтөбеде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде VI-VII ғасырларда көмілген аттың қаңқасы табылды. Жылқы ауыздық мен үзеңгі сынды әбзелдерімен қойылған. Дәл осындай жәдігерлер Ташкент, Самарқан, Алтай өңірлеріндегі бес жерден табылған. Бұл түркілердің жауға да, жолға да сенімді серігін қадір тұтқан қасиетін білдіреді. Табылған үзеңгі тат басқанымен өз қалпын сақтап қалған”-дейді, археолог Марат Тұяқбаев.
Сонымен қатар, кітапхана бөлмесінің төріне қорық-музейдің реставраторы Еділ Мұташевтің жасаған жылқы макеті орнал
астырылған.
Аталған тарихи жәдігерлермен танысып шыққан қонақтар естелікке суретке түсіп, ат өнері мен әбзелдеріне де айрықша қызығушылық білдіріп жатады.