«Сыйға берілген жәдігерлер»

259 көрілім

  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорында 25000-нан аса жәдігер бар. Сыйға келген жәдігерлер тарихына көз жүгіртер болсақ, музейге сый тарту әйгілі қолбасшы Әмір Темір заманынан бастау алады. Оған дәлел Әмір Темірдің бұйрығымен құйылып, кесенеге сыйға берілген халық өнерінің лағыл маржандарының қатарына жататын, алтын күміс жалатылған 6 дана шырағдан мен тайқазан, лауха сынды жәдігерлер болып табылады.

Сондай-ақ, Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары, 1978 жылы “Әзірет Сұлтан” қорық-музейі республикалық музей  ретінде ашылар сәтте мемлекет және қоғам қайраткері, сол кездегі мәдениет министрінің орынбасары Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен, жергілікті партия комитетінің қолдауымен жергілікті халықтан жиналған және жыл сайын музейге сый ретінде тапсырылып жатқан құнды дүниелер бар.

Музей қорын толықтыруда тек Қазақстаннан ғана емес, көршілес мемлекеттерден және Түркия Республикасынан да атсалысып жүрген азаматтар жетерлік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы