ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

280 көрілім

“Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын – Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және Тәуелсіздік тұсындағы зерттеулер деп үшке бөледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеу 1865 жылдан басталды. Ал онда жүргізілген жөндеу жұмыстары Абдулла хан (1582-1598жж.) тұсынан бері жүргізілуде. Нақты ғылыми реставрациялық жұмыстар 1928 жылдан басталды. Қазіргі кезде​ 11-ші жөндеу және реставрация жұмыстары жүргізілуде”,- деді​ тарих ғылымдарының
кандидаты, археолог Тұяқбаев Марат Қымызұлы.

  Айта кетсек, “Әзірет Сұлтан” қорық-музейінің бес жылдық даму тұжырымдамасында ескерткіштерді сақтау, туризмді дамыту, археологиялық зерттеу сияқты жұмыстар аталған құжаттың басты мақсаты болып белгіленген. Бұл құжат 2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан мақұлданып,​ 3 жылға негізделе келе “Әзірет Сұлтан” қорық-музейін дамыту тұжырымдамасы бекітілді.
Түркістан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің рөлі Еуразия үшін ғана емес, сондай-ақ әлемдік тарих үшін бағалы.

2004 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Оның басты мақсаттарының бірі – халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекіту, сондай-ақ әлемге еліміздің құнды ұлттық рухани қазынасын ашу болып табылды. Осы орайда “Әзірет Сұлтан” қорық-музейінің аумағында атқарылып жатқан ауқымды шаруалар да жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаның жалғасы болып табылады.

Екі жыл ішінде “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты​ Күлтөбе қалажұрты мен Ескі Түркістан қаласының көне шахристан және ортағасырлық магистралды көше бойынан табылған тарихи нысандар тек Қазақстан үшін ғана емес әлемдік тұрғыда археологиялық қызығушылық​ тудыратын сенсациялық жаңалыққа айналғаны белгілі. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезі мен кесененің тарихи бөлмелері, Есім хан кесенесі мен сегіз қырлы сағана, белгісіз сағана және хан мешіті мен жерасты қылуеті қайта жаңғырту жұмыстарынан өтсе, археологиялық қазба жұмыстары жүрген орындарға консервация, реставрация жасалуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы