Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Манкент ауылдық клубында қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай, «Көкте күнмін, көпке нұрымды шашамын!» атты поэзиялық марафон өткізілді.
Мағжан Жұмабаевтың әдеби мол мұрасын жас ұрпаққа таныту, ұлттық әдебиетімізді ұлықтау, сол арқылы классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған поэзиялық марафонның шарттары 3 кезеңнен тұрды.

Поэзиялық марафонға Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалардың оқырмандары арасынан 11-15 жас аралығындағы оқырмандары арасынан іріктеліп, 16 қатысушы қатысты.
Сайрам аудандық АОКЖ директоры м.у.а Гулжан Төлегенқызы Рахимова қатысушы үміткерлерге ақ тілек пен сәттілік тіледі.

Сайрам аудандық «Тілдерді дамыту және оқыту орталығы» КММ директоры – Зухра Ақпанова, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері – Салтанат Мырзабай, аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы – Гүлшат Көшербаевалар қазылық етіп, қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның сөйлеу мәнеріне, тіл тазалығына, сахна мәдениетіне назар аударып, поэзиялық марафон шартына сәйкес шешіммен 1 орынды – Мәди Уринбетов, 2 орынды – Назым Сейітжан, 3 орынды – Әсел Ерден қанжығалап, жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Байқауда Манкент ауыл кітапханашысы А.Султанкулова “Мағжан жыры мәңгілік” тақырыбында кітап көрмесін оқырмандарға таныстырды.
