БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ҚАЛЫПТЫ

1  527 көрілім

«Алтын бұлақ» көтерме көкөніс базарында әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг және талдау жұмыстары жүргізілді. Жұмысшы топ құрамында – бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің мамандары бар. Басты мақсат – баға тұрақтылығын бақылау, негізсіз өсіруге жол бермеу.

«Базардағы азық-түлік бағалары тұрақты деңгейде. Тауарлардың көп бөлігі өзге өңірлерден тасымалданатын болғандықтан қазіргі таңда көтерме бағада сауда жасаушыларға түсіндіру шаралары жүзеге асырылады. Үстеме бағалары жоғары қойылмас үшін талдау жұмыстары ұдайы назарға алынады»,- деді қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Ермек Өмірбеков.


Негізінен іс-шара қалада орналасқан базарларда аптасына бір рет ұйымдастырылып отырады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, бұл бағыттағы тындырымды тірліктер өз жалғасын табатын болады.


Жоғарыда айтқанымыздай, әлеуметтік маңызға ие азық-түліктер саны 19. Атап айтқанда – күріш, бірінші сұрыпты ұн, қарақұмық жармасы (гречневая крупа), бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған бидай наны, рожки, сиыр және тауық еті, паcтерленген сүт, майлылығы 2,5 пайыз айран, сүзбе, тауық жұмыртқасы (I санатты), тұздалмаған сары май, күнбағыс майы, ақ қауынды қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, ақ қант-құмшекер, ас тұзы.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы