ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ

1  507 көрілім

Бұл туралы бүгін қала әкімі Рашид Аюпов А.Талқанбаев көшесінің бойындағы аяқ жолдар мен веложолдар жұмысын аралау барысында хабардар етті.


Шаһар басшысының сөзінше, жасалып жатқан жұмыстардың сапасы бойынша шағымдар көптеп түскен. Дей тұра, оның сапасына жауапты компаниялар болса да, кемшіліктердің бар екені белгілі болды. Мұндай олқылықтарды өз көзімен көрген әкім олардың қайта сапалы түрде салынатындығын баса айтты. Бұл мәселе бойынша, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына бірқатар тапсырмалар беріп, назарға алуын ескертті.


“Көптеген тұрғындар өз шекарасынан аса жерлерді қоршап алып, ағаш еккен жерлер өте көп. Олармен келісіп, қоршауларын алуын сұрап, ағаштардың жанына орындықтар, бейнекамералар мен жарықшамдар қойып, сол аумақтың халқы серуендейтін кіші аллеяларды жандандыратын боламыз. Осындай жобада 20 шақты кіші аллеялар салуды көздеп отырмыз. Жалпы ұзындығы 5 км-ді құрайтын болады. Бұл дүниелер қоршаулардың орнына салынып, нәтижесінде тұрғындарға жайлы, ыңғайлы орта қалыптасатын болады”, – деді шаһар басшы Р.Абатұлы.


Бұл қала орталығындағы жаңалықтар. Түркістандықтардың көкейіндегі “Қала орталығынан тысқары аумақтарға көңіл бөлінеді ме?” деген сұрақтың да жауабын алдық. Шеткі аумақтар да тасада қалмайды. Келер жылы балаларға арналған ойын алаңдары мен кіші, үлкен саябақтар салу жоспарланған. Мақсат – тек саябақ салу ғана емес, кәсіпкерлерді тартып, жұмыс орындарын ашу.


Ал, жуық арада “Жеңіс” саябағының да абаттандыру жұмыстары аяқталып, келушілер үшін жаңа, ерекше үлгідегі саялы бақ болмақ.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы