ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

1  521 көрілім

Осыған дейін де оқырмандарымызды құлағдар еткендей, “Менің кәсібім” республикалық әлеуметтік жобасы Түркістан қаласының тұрғындарына көмек көрсетуде. Осы мақсатта, бүгін қала әкімі Рашид Аюпов пен жоба авторы Айжани Нұрланова бастаған жауапты сала қызметкерлері осыған дейін жоба шарапатын көрген отбасылардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Кәсіп иелері 2-3 апта бұрын берілген құралдары, өнімдерінің нәтижесінде тәттілерін дайындап, тұтынушыларға ұсынуда. Олар дүкендерге өткізіп, осылайша еңбегінің жемісін, нәпақасын көруде.


Сондай-ақ, Айжани Нұрланова О.Жарылқапов көшесі, #3 үйдің тұрғыны Жарқынай Паузиға сандық жасауға арналған жиһаз тақтайы, мата, сонымен бірге барлық құралдарын қоса тарту етті. Алда 6 балалы отбасының қорғаны көрсетілген көмектің жемісін көретініне сенімді.


Айта кетейік, жоба кәсіпкерлердің қаржыландыруымен жүзеге асуда. Жыл бойы жалғасатын бастамаға тұрмыс жағдайы төмен отбасылар қатыса алады. Бір ерекшелігі – ешқандай құжат өткізудің қажеті жоқ. Тек алға ұмтылуға, тұрмысыңызды жақсартуға деген ерік-жігеріңіз жоғары болса болғаны. Ал, өтінішті халықты жұмыспен қамту орталығына өткізе аласыз.
Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,
“Түркістан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы