СПОРТ КЛУБТАРЫ АРАСЫНДА АСЫҚ АТУДАН ЖӘНЕ БЕС АСЫҚ АТУДАН СПАРТАКИАДА ӨТТІ

1  085 көрілім

Сайрам ауданында Түркістан облысының аудандық спорт клубы қызметкерлері арасында асық атудан және бес асық атудан спартакиада өтті.

Аталған сайыс Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты “Ақсукент спорт клубы” және “Ақсу жекпе-жек” клубы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатында аталған бөлімнің сектор меңгерушісі Б.Асқаров, “Отырар спорт клубы” КММ-нің директоры Ж.Сәрсенбаев, “Ақсукент спорт клубы” КММ-нің директоры Қ.Ерменбеков, “Ақсу жекпе-жек клубы” КММ-нің директоры Р.Лапаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған спорттық сайысқа 12 команда қатысты. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталған ойын, әсіресе, балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі.

Ойын нәтижесінде “Мақтарал спорт клубы” I орынға тұрақтаса,

“Келес спорт клубы” II орыннан, “Жетісай спорт клубы” III орыннан көрінді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы