ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕГІ «ҚАЗАҚ АЛҚАБЫ ЖӘНЕ ҚЫМЫЗ ФЕРМАСЫ»

1  147 көрілім

Түркияның  батысында, Эгей теңізі жағалауындағы Измир қаласында орналасқан  Қазақ алқабы және қымыз фермасы жайында көбіміз біле бермейміз. Ферма  Ниф тауының етегінде, зәйтүн, қарағай және көптеген жеміс ағаштары бар жапырақты орманның жанында орналасқан. Ферманың ең алғашқы қалаушысы Ширзат Доғу мырзы. Шығыс Түркістанды басып алғаннан кейін өз Отанынан кетуге мәжбүр болған қазақ түрігі, 1954 жылы Түркияға қоныс аударады. Ширзат Доғу мырза адалдық парызы ретінде түрік халқына ұмытылып бара жатқан екі ата-баба мәдениетін қайтарғысы келеді. Ширзат мырза барлық түрік тайпаларының рулық сусыны мен, туып өскен киіз үйлерді құру мақсатында, 1987 жылы Алтайға ұқсайтын алқапты сатып алады. Ең Алғашқы киіз үйдің ішкі құрылысын Түркістаннан шақырылған атақты қазақ суретшісі Аман Абзалбек бейнелеген. Киіз үй – қазақтар үшін ғана емес түріктер үшінде ерекше қасиетті орын болып табылады. Сонымен қатар ұлттық киіммен атқа мінген жастар көрінісінің арқасында, және ферма иесі қазақ түрігі болғандықтан, түрік баспасөзі оны “Шағын Қазақстан” және “Қазақ алқабы”деп атайды.

Киіз үйлердің арасында темір және бетоннан жасалған ерекше  киіз үй бар. Ол туристтік мақсаттарға арналған және стационарлық болып саналады, үйдің ішінде ұлттық киім киген  қызметкерлер жергілікті қолөнер бұйымдарын жарнамалайды және сатады. Қазақ алқабында дүкендермен қоса Орталық Азия мейрамханасы орналасқан. Бұл  мейрамханада Орталық Азия тағамдарының дәстүрлі тағамдары, сондай-ақ қазақ, өзбек және қырғыз-түрік тағамдары ұсынылады. Олардың ішінде ең маңыздылары: өзбек палауы, бауырсақ, көкөніс сиыр еті, қуырдақ, барбекю, кеспе сорпасы. Ал алқап фермасында арнайы бордақыланған қойлар мен ешкілердің сүтінен жасалған дәмді йогурттар мен ірімшіктер де тұтынушыларға сатылады.

Орталық Азиядағы түркі мәдениетінің ең басым символы болған жылқылар қазақ алқабында міндетті болып табылады. Фермада тек Орта Азиялық жылқылар ғана емес, сонымен қатар австриялық хайфлингер асыл тұқымды биелер де өсіріледі, олар өте мойынсұнғыш және көп сүт береді. Қымыз фермасына апаратын жолда жылқылардың  бір топ үйірін көруге болады. Қымыз фермасына келушілер егер қаласа ақылы түрде атқа мінулеріне жағдай жасалған, тіпті ат үстінде орманды аралай алады. Атқа мінуден қорқатын келушілер болса  мыңдаған көкнәр, түймедақ және әртүрлі гүлдермен, сондай-ақ жайқалған  ағаштармен көмкерілген орманды аралай алады. Келушілердің қауіпсіздігі мен ыңғайы үшін гид қызметтері қарастырылған.

Қазақ алқабындағы қымыз фермасы Түркия еліндегі қымыз өндірісі бойынша ең бірінші және жалғыз бөлімше болып табылады. Бұл фермада өндірілген қымыздар, шыны бөтелкеде немесе пластикалық арнайы ыдыстарда, сұраныспен Түркияның кез келген қаласына жеткізіледі.

Қазақ алқабы – Түркия еліндегі отандастарымыз елін сағынғанда қонақтайтын таптырмас жер деп айтуға болады. Сонымен қатар бұл мекенге Наурыз , Құрбан айт  секілді мерекелерде отандастарымыз жиі жиналып отырады. Егер Измир қаласына жолыңыз түсетін болса бұл керемет құтты мекенге міндетті түрде ат басын бұрыңыз.

Назерке ТӘЖІБАЙ ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Журналистика кафедрасы 2 курс студенті

Түркия , Измир.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы