ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР АРАСЫНДА ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ

225 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеп, бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға тоқталып, бірқатар маңызды тапсырмалар берді. «Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді», деді.

Президент тапсырмасына орай Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы орталық стадионда 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында аудан әкімдігі мен «Бақ нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен алғаш рет қыз-келіншектер арасында жүгіру марафоны ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын ұстану мен бұқаралық спортты одан әрі дамытуға арналған шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, мерекелік құттықтауын жеткізді. Көп жылдан бері мұқтаж отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созып, бүгінде өз ісін дөңгелетіп отырған іскер әйелдер мен отбасылық құндылықтарды сақтауда көпшілікке үлгі болып отырған көп балалы аналар және қыз-келіншектерден құралған «Бақ-нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ биыл ауданда спорт саласы бойынша атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

Аудандық мәслихат депутаты Рабиға Отыншиева, «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған марафон қатысушыларына сәттілік тілеп, ізгі тілектерін арнады.

Айта кетейік, айтулы мереке қарсаңында ұйымдастырылған марафонға әр түрлі қоғамдық іс-шаралардан бөлек, қайырымдылық істерімен үнемі айналысып отыратын, ауданда түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ге жуық қыз-келіншек қатысты.

Айта кетсек, Созақ ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 2 стадион, 1 ипподром, 34 кіші футбол алаңшасы, 33 балалар ойын алаңшасы, 9 стрит воркаут, 8 спорттық мәндегі спорт зал, 2 жүзу бассейні бар. Өткен жылы бөлім тарапынан 182 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілсе, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 41 спорттық іс-шаралар өткізілген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы