ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА – ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

1  593 көрілім

«Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасы аясында қаламыздағы Ә.Қарабаев көшесінің №63 үйінің тұрғыны Құрманкүл Абдушамаева үлкен қолдауға ие болды. Көпбалалы ана 99 емге шипа беретін екі занен ешкісін алып, болашақта осы кәсіпті жандандырмақ ниетте.

Ол бұл жобаны халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш тастау арқылы қол жеткізіп отыр.

Өздеріңіз білетіндей, бұған дейін аталмыш жоба аясында Түркістанда 16 отбасы кәсіпкерлер қаржыландыратын жобадан өтіп, көмегін алғанын айтқан болатынбыз. Жоба авторы Айжани Нұрланова өзі арнайы келіп, тұрғындарға сұрауы бойынша құрал-жабдықтарын өз қолымен табыстаған еді. Енді міне, кезекті азамат та өтінішінде жазылған дүниеге ие болды. Қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев табыстап, отбасына ырыс пен береке тіледі.

Бұл жанұяның алдағы тыныс-тіршілігі жауапты мамандар ықпалымен қадағалауда болады. Олардың жағдайын жақсартып, бай-қуатты өмір сүруі үшін қолдау артпаса, кемімесі анық.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы