
«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы «Open Space» үлгісіндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан қаласының прокуроры Ж.Ахметбек қала тұрғындарымен жеке мәселелері бойынша кездесті. Қоғамдық қабылдауға келген қала тұрғындары өздерінің арыз-шағымдарын алға тартып, қала прокуоры тарапынан заң шеңберінде тиісті кеңестерін алды. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың көтерген мәселелері кәсіпкерлікке алған жер дауы, жалақысын өндіру, мемлекет меншігіне өтіп кеткен нысандардың берген қаржысына наразылықтары туралы арыз-шағымдары қозғалды.
Қала прокурорына шағымдарын айтқан қала тұрғындары кездесуден нақты істер мен қолдау күтетінін тілге тиек етті. Қоғамдық қабылдауда көкейдегі сауалдарын арқалап келген тұрғындар өздерін алаңдатқан жәйттарға жуық арада заң аясында оңды шешілетіне сенімді.

Сонымен қатар, қоғамдық қабылдау барысында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының бірінші орынбасары А.Темірбаев пен Түркістан қаласының прокуроры Ж.Ахметбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.
«Түркістан-ақпарат».