САРЫАҒАШТА БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ ӨНДІРУ ЖОСПАРЛАНУДА

327 көрілім

Жуықта ғана аудан басшысы Арман Абдуллаевтың жеке қабылдауында кәсіпкер Султанов Серік өзінің дайын жобасымен таныстырып, ұсыныстарын айтты.

Жобаның мақсаты: баламалы электр энергиясын өндіру,яғни күн сәулесінен қуат алатын панельдерді индустриалды аумақтарда және электр энергиясын керек ететін барлық аймақтарда орналастыру.Жеке кәсіпкер С.Султанов жобаны жүзеге асыру үшін 260 га жер қажет екенін айтып өтті.

Жалпы құны 138 миллион АҚШ долларды құрайтын күн сәулесінен қуат алатын панельдер Түркия елінен алуға болатынын және 250 МВт қуат мөлшерін керек ететінін де, жеке кәсіпкер қоса айтып өтті.

Аталған кездесуде күн сәулесінен қуат алатын панельдерді орналастыруға жер аумағын қарастыру мәселесі жан-жақты талқыланып, Арман Абдуллаев Қапланбек ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрсынбаевқа және тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айта кетсек, ауданға баламалы энергия тарту жобасы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге,табиғатымызды аяулауға де өз септігін тигізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы