ТҮЛКІБАСТА ЖОЛ ЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

229 көрілім

Аудан орталығын теңдей екіге бөліп өтетін республикалық маңызы бар А-2 автожолын кеңейту көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселенің бірі. Осы ретте, аудан әкімі аталған жұмыстарды қарқындату мақсатында мердігер әзірбайжандық «Евраскон» мекемесінің жауапты мамандарымен және «КазАвтоЖол» мекемесінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде алдағы айда жолды кеңейту жұмыстарын толық аяқтау бойынша шешім қабылданды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен бірге аудан орталығындағы базар аумағында болып, жергілікті тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында атқарылатын шараларды пысықтады.

Атап айтсақ, аудан басшысы Жамбыл-Арыс көшелерінің қиылысына су ағатын науа(лоток) орнатуға, аяқ жол салып, таксилер тұрағын ретке келтіру мақсатында қажетті құжаттарды әзірлеп, аяқ жол түсетін жерді кеңейту мақсатында кәсіпкерлік нысанның егесімен келіссөздер жүргізуді ауыл әкімі мен жауапты бөлімге тапсырды.

Сондай-ақ, Нұржан Жақсылықұлы ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Бекбосынов көшесінің орталық аурухана маңына табан тіреп, жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан мердігерге шұңқырларды бітеу жұмыстарын сапалы атқарып, қарқындатуды тапсырды. Аталған жұмыстарды жауапты бөлім басшысына қатаң бақылауда ұстауды ескертті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы