ТҮРКІСТАНДЫҚ КАРАТЭШІЛЕР ЕЛГЕ ҚОС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

268 көрілім

Жуырда Марокконың Рабат қаласында каратэ спортынан WKF «Karate-1 Premier league» рейтингтік халықаралық турнирі өткен болатын.
Тартысты додада Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының споршылары ел мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Аталған турнирде түркістандық спортшылар – Әсел Қанай күміс жүлдеге ие болса, Абылай Төлтай қола жүлдені иемденді.
Осы ретте спортшыларды жан-жақты дайындап, шеберліктерін шыңдаған каратэден Түркістан облысының аға бапкері Боран Төлеевтің еңбегі орасан зор екенін айта кетейік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы