Жалпы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар. Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның 308,3 шақырымы асфальтталған болса, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар. Облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілді. Ағымдағы жылы бағдарламасы аясында 11,2 шақырым жол жөнделеді.
2022 жылы аудандық бюджет есебінен 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері, Шорнақ елді мекенінде 2 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылды. Ағымдағы жылы 1 дана бағдаршам, 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері орнатылады.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.
Бұдан бөлек, 2023 жылы 1 дана бағдаршам, 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері орнатылады.
Сондай-ақ 58,3 шақырым жолдарды жөндеге жобалық сметалық құжаттар әзірленеді.
Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан – Шорнақ» және «Түркістан – Ескі Иқан» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған.
2023 жылы ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға жұмыстар жүргізілуде.