Қазіргі таңда, Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, іске қосылды. Ойық елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысына 2023 жылға 229,9 миллион теңге қаржы бөлінсе, 3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда. Сонымен қатар, 2022 жылы 4 елді мекенге су мұнарасы орнатылып, 3 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде.
Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылады.
Сондай-ақ, орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған елді мекендерде нысандар құрылысының 2-кезеңіне жобалық сметалық құжаттары әзірленуде, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, қаржыландыруға ұсынылатын болады. Атап айтқанда:
– Еңбекші Дихан, Ескі Иқан, Ибата, Шорнақ, Жүйнек және Қарашық елді мекендері.
Электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі де бір жүйеге қойылған. Сауран ауданындағы 35 елді мекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекен күн сәулесі батареяларынан қуат алуда. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, 2022 жылы 13 дана трансформатор орнатылды, 2023 жылы 37 дана орнатылады.
Сонымен қатар, елді мекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Аудандағы табиғи газ мәселесін шешу жолдары қарастырылып, 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. 2023 жылы 5 елді мекенге табиғи газ қосылады. Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленді. Сонымен қатар, Бостандық, Қосқорған және Еңбекші Дихан елді мекендерінде ішкі табиғи газ құбыры құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Жүйнек, Қарашық, Оранғай, Шорнақ ауыл оуругтеріне магистральді табиғи газ құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын шілде айында алу жоспарлануда.