ЕШКІ БАҚҚАННЫҢ ЕСІ КЕТЕДІ

431 көрілім

Ендігі мәселе, жайылымдық жер жоқ болғандықтан малды қорада ұстап, бордақылап сату ғана қалды. Жанат Қалдаров есімді шаруа қожалығының иесі 700 гектар жер алып, бау-бақша өсірумен шұғылдануда. Ауыл шетіндегі ауқымды жерді алған кәсіпкер Құрбанәлі Дүйсенбаев 40 орыс ешкісін өсіріп, қора-жайын бекемдеп, ешкі сүтін, құртын, майын Кентауға сатып отыр. Әр ешкі тәулігіне екі литр сүт береді екен. Мал азығын егетін жері де жыртылған. Биыл жоңышқа, арпа, бидай өсіруді жоспарлап отыр. Қытайдан ешкі сауатын аппарат, мал азығын өңдейтін, одан комбикорм шығаратын қондырғысы бар бөлме де ашып алған.

– «Ешкі баққанның есі кетеді» деген сөздің растығына көзім жетті. Бұлар бір мазасыз, жер көкте тұрмайтын жануарлар екен. Қысы-жазы көзден таса қылмай, бағып жүру керек. Ыстыққа да төзбейді. Суыққа да төзбейді. Бірақ жем-шөбін тұрақты жеткізіп беріп отырсаңыз, сүті бағалы. Көбіне, ананың сүтімен бірдей деп балабақшалар да тапсырыс бере бастады. Енді Қытайдан сүт сауатын аппаратты, жем-шөпті турап, қоспалармен таблетка түрінде жасай алатын қондырғы да орнаттық. Таяуда ауылдастарымның да жем-шөбін өңдеп беруге кіріскелі отырмын,-дейді Құрбанәлі Дүйсенбаев.

Ауылда тұрса да, қиындыққа қарамастан істің көзін тауып осылай кәсіпкерлікпен айналысқандар басқаларға үлгі болып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы