ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР ТАРЫЛЫП БАРАДЫ

310 көрілім

Шоқтас ауылының маңындағы бір шақырымдай жер ғана тұрғындардың еншісінде қалған. 27 үй иесінің ғана пай үлесі бар. Ауыл маңындағы жайылымдық жерді Ынтымақ, Шаға, Бершінтөбеден келген малшылар емін-еркін жайлап отыр екен. Қазірдің өзінде сегіз отар қой ауыл маңындағы жайылымды тықырлап тастаған. Шағадан келген диқан Шоқтас маңынан ойып тұрып 80 гектар жерге бау егуде. Қоршалмаған бауға түсіп кеткен малдары үшін ауыл тұрғындары айыппұл төлеуде.

– Өткен жылы да, биыл да айыппұлдан көз ашпай келемін. Бау иесіне «неге қоршап алмайсыз?» десем «ол келісім-шартта көрсетілмеген» деген уәж айтады. Бордақыда ұстауыма да болар еді. Оған қаражат жоқ. Мемлекет тарапынан еш көмек берілмеді. Сондықтан, жиырма бас жылқымды сатуыма тура келіп тұр. Өзім қолымда өсірген жылқыларым. Қимаймын. Қимасам да басқа жол жоқ, – дейді ауыл тұрғыны Қанат Анарбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы