САПАЛЫ СУ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?

398 көрілім

Шоқтас ауылы мен саяжайға «Билайн» желісі жүргізіліпті. Мектепте Интернет жұмыс жасап тұр. Ауылға су жүйесі тартылғанымен оның қысымы төмен болғандықтан, еңістегілерге жетіп, төбедегілерге тамшы да тамбай қалатын сәттері жиі кездеседі. Біз барған кезде ауыл адамдары шелектерін краннан суға толтырып алып жатыр екен.

Шаға ауылдық округінің әкімі Абдумуталип Нарымбетовтің шақыруымен «Сауран су» мекемесінің директоры Мұхит Примбетов арнайы бригадасын алып келіп, құбырдың ақаулықтарын қалпына келтіруде. «Сауран су» мекемесінің басшысына ауыл әкімі бір штат бөліп, Шоқтастағы су желісіне күзетші әрі слесарь бөлмесе болмайтындығын баяндады. Себебі, Шоқтастағы 30 отбасы мен саяжайдағы үш жүзге жуық жанұяның қауіпсіздігі бәрінен қымбат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы