- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Ауылдың ортасында 1924 жылы бой көтерген келесі жылы ғасыр жасайтын төрт сыныптық бастауыш мектепті қазақтың маңдайына біткен сыншысы Әшірбек Сығай да бітірген екен. Қазір бұл мектепте қырық шақты бала оқиды. Бір қабырғасы құлап, оның ішін есектер мен оқалақ тиген тайыншалар паналайды. Жақында ғана ауыл биі болып сайланған Қуаныш Жақыпбековтің арқасында сыныптас досы кәсіпкер Рауан Жанадилов 320 орындық жаңа мектеп салып беріпті. Биылғы жаңа жыл қарсаңында мектеп құрылысы аяқталғанымен, әлі күнге дейін лицензия ала алмай, бүлдіршіндер ғасырлық мектептен шыға алмай отыр.

Шаға ауылдық округінің әкімі Абдумуталип Нарымбетов: «Сауран аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшылығы оқу жылының аяқталуына бір ай қалғанда мектепке лицензия берілмейді»,- деді. Енді амалсыз қыркүйекте жаңа оқу жылына ашамыз. Бірақ оған дейін де мектеп-балабақша етіп ашып, балалардың жазғы оқу лагері етіп пайдалануға да болар еді», – деген пікірде.
Ауыл биі Қуаныш Жақыпбеков: «Балабақша ашу кәсіпкерге тиімсіз. Рауан Жанадилов осы мектеп жанынан интернат салуға қам жасап жатыр», – деген жақсы жаңалығын жеткізді.
Ұзақ жылдар бойы осы мектепте ұстаздық еткен Бақтылы Абдуллаеваның айтуынша, жаңа мектеп ашылса, Шоқтастың тұрғындары Кентауда, Түркістанда оқып жатқан балаларын осында алып келер еді. Ал, саяжайдың өзінде 270 отбасы тұрады екен. Олар да жаңа мектептің ашылуын сарғая күтіп жүр.