ТӨЛЕБИЛІК ДЕПУТАТ СЕРТІНДЕ ТҰРДЫ

529 көрілім

Төлеби ауданынан сайланған депутат халыққа берген уәдесін орындады. Бүгінде жұмысына белсене кіріскен халық қалаулысы Ерболат Жабаев тұрғындармен кездесуінде айтылған ұсыныс-тілектерін назарға алып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шакырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде сайлау алдындағы уәделер мен бағдарламаларды орындаудың маңыздылығына тоқталған еді. Сайлауалды бағдарламалар және уәделер ретімен орындалу керек. Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлының идеясын қолдау, сайлауалды бағдарламада көрсеткен уәделерін орындау мақсатында Төлеби аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев аудандағы жол мәселесін ретке келтіруде. Депутат халықтың ұсыныс-тілегімен ауданға қарасты Үңгіртас көшесіне өз қаражаты есебінен арнайы техника жалдап, ойық жолдарды тегістеп, ретке келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді. Бүгінде ауыл тұрғындары жол азабынан құтылып, сертіне берік депутатқа алғыстарын жаудыртты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы