ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ

408 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Сарыағаш-Тұрмыс» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметі бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.

Талдау барысында жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеліп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, «Сарыағаш-Тұрмыс» МКК-ның тұтынушыларына тарифті Гкал үшін 5 471,16-ден 3 430,15 теңгеге дейін немесе 37,30%-ға уақытша төмендету арқылы 274 000 теңге көлемінде соммада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 маусымынан бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы