ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

458 көрілім

Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ұйымдастыруымен тұңғыш рет қаламызда үлкен теннистен Қазақстан біріншілігі өтуде. Жарыстың салтанатты ашылуы Теннис кортының залында өтті.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев пен Түркістан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Қанат Жолдықараев қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Біріншілікті ашып берген басқарма басшысы Қанат Жарылқапұлы өз сөзінде спорттың қоғам дамуындағы маңыздылығына тоқталса, Ерлан Бақытжанұлы қатысушыларға қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Жиын барысында жарыста бақ сынасатын жасөсіпірімдерге қала әкімінің атынан жарысқа қатысқаны үшін естелік сыйлықтар табысталды.

Додаға жалпы 13 қаладан 64 оқушы қатысуда. Еліміздің Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қарағанды және Түркістан облысы мен Түркістан қаласынан келген қатысушылар арасындағы дода сәуір айының 3-8-інші жұлдызы арасында өтетін болады.

Жаннұр МҰСАЕВА ,

ХҚТУ-дің студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы